Калачи тұрғындарын тағы ұйқы қысып естен танып жатыр


Табан асты ұйқы қысқан жасөспірімдерді көшеде жатқан жерінен өз сыныптастары тауып алған. Қазір балалардың барлығы ауруханада. Палаталарда ұйықтап жатыр. Өткен аптада Калачи ауылының 5 ересек тұрғыны да дәл осылай есінен таңып құлаған болатын. Осылайша белгісіз сырқат Калачилықтардың әлі де есін жиғызар емес.Былтыр наурыздан басталған ұйқышылдық дерті ауылдың 50-ден астам тұрғынын аяқтан құлатты. Ал мамандар сырқаттың нақты себебін әлі күнге анықтай алар емес.