Калачиде тағы төрт адам қалғып кетті


Мұндай диагнозбен қыркүйектің 1-інде де 9 бала мен 6 ересек адам ауруханаға түскен еді. Осындай жұмбақ дерт жайлаған Калачиде ұйқы ауруына үш жылдан бері 60-тан аса адам шалдыққан. Бұл індеттің себебін бұған дейін тиісті мамандардан құралған комиссия талай  мәрте тексерген болатын. Олар инфекция мен бактерияның белгісі жоқ екенін, радиация қалыпты межеден аспағанын айтып мәселені жылы жаба салған.  Енді міне, жұмбақ ауру тағы бас көтеруде. Енді Калачиге Денсаулық сақтау министрлігінен тағы да мамандар барып, тұрғындарды медициналық  тексеруден өткізуде.