Дәрісті инженер-жобалаушы, дизайнер, коммерциялық және шетелдік жылжымайтын мүлік бойынша топ-брокер, бизнес басқару тәжірибесі бар Данияр Қалымжанов жүргізді.
Дәріс барысында сәулет өнері адамның мінез-құлқына да ықпал ететіні айтылды:
- ыңғайлы жүргінші жолдары адамдарды жиі жаяу жүруге ынталандырады;
- жайлы қоғамдық кеңістік тұрғындардың көшеде көбірек уақыт өткізуіне ықпал етеді;
- логикалық навигация шешім қабылдауды жеңілдетеді.
Әсіресе, қаланың дизайн-кодының маңызына ерекше мән берілді. Тәртіпті қалалық орта: инвестиция тартады, жылжымайтын мүлік құнын арттырады, жергілікті бизнесті қолдайды, қаланы танымал етеді, тұрғындардың көңіл-күйін көтереді. Ал ретсіз орта керісінше, дамуды тежейді, сенімді төмендетеді және қаланы «у-шуға толы базарға» айналдырады.
Дәріс соңында ісіңіздің құндылығын түсініп, қолдап, таңдау жасауы үшін оны дұрыс жеткізе білу секілді қазіргі заманның ең маңызды дағдысы туралы айтылды.
Айта кетейік, «Умный клуб» дәрістерінде тарихи құндылықтан бастап киберқауіпсіздікке дейінгі түрлі тақырыптар талқыланады.