Калифорния жағалауында екі әйелді кит жұтып қойды

Бұл туралы Caravan.kz порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Калифорния жағалауында кит қайыққа мінген екі әйелді жұтып қойды. Куәгерлер түсірген видео әлеуметтік желіде жарияланды. 

Кадрларда киттің ауызын кең ашып, екі әйел отырған қайықты жұтып қойғаны көрінеді. Бірнеше секундтан кейін теңіз алыбы адамдарды шығарып тастайды. Мүмкін олар рационына кірмейтінін түсінген болар. Киттер ұсақ балықтармен қоректенеді.

Мәлімет бойынша әйелдер зардап шекпеген, тек қорқып қалған.