Калифорнияда ит алдыңғы аяқпен жүгіруден рекорд орнатты

Бұл туралы Гиннестің рекордтар кітабы сайтында хабарланды. Ит бес метрді алдыңғы аяғымен жүгіру арқылы 2,39 секунд ішінде еңсерген.

Иттің иесі Юлия Пастернак Конжо алдыңғы аяқпен жүгіруді күшік кезінен күнделікті дағдысына айналдырғанын айтты.

Мұның алдында алдыңғы аяқпен жүгіруден рекорд Джиф атты иттің еншісінде болатын. Ол 7, 76 секундта бес метрді жүгіріп өткен.