Калифорниядағы гольф алаңынан тірі акула табылды

Гольф-клубтың атқарушы директоры Мелисса Маккормак атап өткендей, өзі де, әріптестері де алаңнан табылған балықтың тірі болғанына таң қалған. Теңіз балығының денесінен жабайы аң салған жарақат табылды. Болжам бойынша, жыртқыш құс ұшып бара жатқан кезінде ұстап алған «олжасын» алаңға түсіріп алған.

Гольф-клубтың қызметкерлері акуланы су құйылған шелекке салып, бұғазға барып, «бостандыққа» жіберген. Ол сол сәтте-ақ жүзіп кете барған.