Бас бапкер Геннадий Паршин ұлттық құраманың негізін бұл жолы болашағы зор жас волейболшылардан жасақтап отыр. Олар: Әсет Базарқұлов (1987 ж.), Александр Стольников (1988ж.), Сергей Кузнецов (1993ж.), Тимур Садықов (1991ж.), Богдан Ильенко (1992ж.), Виталий Мироненко (1995ж.), Нөдірхан Қадырханов (1991ж.), Виталий Эрдштейн (1992ж.), Иван Русапетов (1990 ж.), Сергей Ембулаев (1986 ж.), Виталий Вориводин (1990 ж.) және Дмитрий Горбатков (1981 ж.).
Азия чемпионатына Үндістан мен Қазақстаннан бөлек, Иран мен Пәкістан құрамасы қатысады. Қазақстандықтар алғашқы ойынын жарыс қожайындарымен, ал 2-3 кездесуін Пәкістан, Иран волейболшыларымен өткізеді. Онда 1-2 орын алған командалар қыркүйектің 20-сы күні ақтық сында бақ сынайды.