"Қалтамда бақыр тиыным қалмағанда, мені түнектен алып шықты": Дана Нұржігіт күйеуімен ажырасқан сәтте кім жанында болғанын айтты

Журналист қиын сәтте жанында кім болғанын айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Тележүргізуші жеке өміріне қатысты құпиямен өзінің желідегі парақшасында бөлісті.

"Мына суретте мені түнектен алып шыққан адамдар тұр. Жапанда жалғыз қалған ана мен балаға қорған болған қос адвокатым-Тілек Хамитов @khamitov_tlek және Арайлым Карпеева @astadvokat

Бүгінде екеуі де менің адал достарым. Бұл адамдар менің қандай жағдайда қалғанымды көріп, істі соңына дейін жеткізді. “Дана ханым, сабыр етіңіз! Алып шығамыз!” деп, қалтамда бақыр тиыным қалмағанын көріп тұрып,орта жолда қалдырмады. Телевизияға жарамай қалғаннан кейін,”Дана сөзді” аштым. Алдыма келген тыңдаушылардың ішінде Эльвира Шырынбаева болды. Жеке меншік @steam.school_almatyмектебінің иесі. Менің басымнан өтіп жатқан оқиғадан мүлдем хабарсыз ол мені мектебіне ұстаз болуға шақырды. Сол жұмыстың арқасында мұғалімдік жолға түстім. Нан таптым. “Осылай амалдайын” деп бастаған мен қазір Ұстаз болғаныма қуанамын. Балаларымнан қуат аламын. Ата-анамен бірге кітап оқуға баулитын reading time сабағын жүргізіп,өзімді емдеп алдым. Бұл тозақты көрмесем, мен мүмкін мұғалімдікті мүлдем ойға да алмас па едім, кім біледі?! Әр істің қайыры бар деген…

Қымбатты оқырмандарым, осы парақшаға @dinarasatzhan берген сұхбаттан кейін қосылып жатқан оқырмандарым! Басымнан өткен оқиғаны баяндап, біріңізге “шошқа”, біріңізге “өжет, қайсар әйел” болып жатқанымды оқып отырмын. Кейбіреулер мәселенің түбіне үңілмей “екі жақтан” деп қысқа қайырыпты. Тарқатып, ақталып әлек болмаймын. Мұндай жағайды ешкім басына тілеп алмайды! Бұл оқиғаны мен қазір қоғамның дерті,әлеуметтік құбылыс деп қараймын.

МЕН СТАЛКИНГКЕ,КИБЕР-СТАЛКИНГЕ ҚАРСЫ КҮРЕСТІ ТОҚТАТПАЙМЫН. ҚЫЛМЫСТЫҚ КОДЕКСТЕ АРНАЙЫ БАП БОЛУЫН ТАЛАП ЕТЕМІН!", - деп жазды журналист.