"Қалыңдық міндетті түрде қыз болуы керек": Амалбек Тышанов көкірегі мен санын ашып жүретін қазақ қыздарына үндеу жасады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Амалбек Тышанов өз ойын Qazaq.Airan YouTube арнасында айтты.

"Ұлы сөздің ұяты жоқ дейді ғой, біз қазақ болғаннан кейін, үйленгеннен кейін қалыңдық міндетті түрде ол қыз болуы керек. Ол ешқандай өзінің қыздық арын сақтай отырып, соны тек өзінің жарына ғана арнау керек. Осындай тазалықты біздің ұлттық негізіміздің бәрі айналып келгенде халықтың бірігуіне, адалдыққа, тазалыққа намысшыл болуға алып келеді.

Қазір өкінішке қарай бізде ер-азаматтарды намыс дегенді ояту өте қиын. Мен оны ағалық көзіммен айтып отырған әңгімем, оны жұрт, жастар ренжімес деп ойлаймын. Ал қыздарымыз ұяттан айырылған заман.

Қалай болса солай киіну, өзіне мән бермеу, көкірегін ашып жүру, аяқ, санын ашып жүру. Өзінің жүріс-тұрысына мән бермеу сияқты заман болып кетті", - деді қоғам қайраткері.