Иракта 9 жастағы қыз 35 жастағы ер адамға тұрмысқа шықты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Әлеуметтік желіде Иракта өткен үйлену тойы туралы ақпарат тарады. Қалыңдық 9 жастағы кішкентай қыз екені айтылды.
Желі қолданушыларының мәліметінше, бұл Ирак парламенті некелік келісім жасасу жасын 9-ға дейін төмендеткеннен кейінгі алғашқы үйлену тойы. Бұл заң 1959 жылы қабылданған. Таяу Шығыстағы ең даулы заңдардың бірі болып табылады.
Неке туралы заң
Некелік келісім жасасу жасын төмендету туралы ұсынысты ултраконсервативті шииттік партиялар ұсынған. Олар жеке статус туралы заңнамаға түбегейлі өзгерістер енгізуді талап етті. Заң жобасы тек некелік келісім жасын төмендетіп қана қоймай, әйелдерге қатысты басқа да бірқатар шектеуді көздейді.
Егер бұл өзгерістер қабылданса, ирактык әйелдер ажырасу, балаға қамқорлық жасау және мұрагерлік құқықтарынан айырылады. Билік коалациясы ұсынылған өзгерістер қатаң ислам нормаларына сәйкес келеді. Және бұл қыздарды "азғын қарым-қатынастан" қорғауға бағытталған деп мәлімдеді.
Халықаралық ұйымдар, соның ішінде БҰҰ, сондай-ақ Ирактың құқық қорғаушылары бұл түзетулерге алаңдаушылық білдірген. Олар Ирак үкіметін заң жобасын қайта қарауға және балалардың құқықтарын қорғаудың халықаралық стандарттарын сақтауға шақырады. Иракта некеге тұру жасын төмендету мәселесі ішкі және халықаралық аренада белсенді пікірталас пен сын тудырып жатыр.
Кейін Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Ирактағы бұл өзгерістерді қатаң сынға алды. Оның айтуынша, "педофил-арамзалар" исламның атын жамылып, өздерінің "арам пиғылдары мен жиіркенішті қиялдарын" жүзеге асырып жүр.