Қазақ өнеріне, қазақ журналистикасына өлшеусіз үлес қосқан жан қазақтың мәдениеті мен қазақтың руханияты үшін аянбай тер төкті. Коммунистік қоғамның ызғарына қарамастан, кеңестік идеологияның цензурасынан аттап өтіп, ол Ұлтына қажетті дүниені жасап, артына өшпес із қалдырды. деп жазады »Түркістан» газеті қазақ мәдениетінің марқасқаларының бірі - Камал Смайыловтың туғанына 80 жыл толуына орай.