Кәмшат өзімнің жақсы көретін қызым - компазитор

Белгілі композитор Қалдыбек Құрманәлі Кәмшат Жолдыбаеваның жаңа бейнебаянын көріп, жағасын ұстаған. Ол әншіні аяйтынын айтып берді. Кейін отбасылы болған кезде балаларына осы бейнесін көрсете алар ма екен деп уайымдайтынын айтты ол, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Қамшы сұхбат" бағдарламасына сілтеме жасап.

"Мен Кәмшатқа аяушылықпен қараймын. Кәмшат қана емес, сол сияқты көп әншілерді мүсіркеймін, жаным ашиды. Осылар да отбасы болады, перзент сүйеді, немерелі болады. Мынау тасқа таңбаланған сияқты дүние. Күндердің күнінде 20-30 жылдан кейін балаларымен, немерелерімен көре алады ма деп ойлаймын. Сол кезде қандай күйде болады екен. Оны ойлаған Кәмшат болса, бұлай жасамас па еді", - дейді Қалдыбек Құрманәлі.

Бірақ композитор әншіні ақтап алғысы келгенін де байқатты. Мүмкін бұл өнер иесінің өз қалауы емес шығар, продюсердің шешімі болуы керек деп болжам жасаған Қалдыбек Құрманәлі. Осылайша композитор өнердегі қарындасымен көрісе қалса, осы жайлы сұрақ қоятынын айтты.


"Мүмкін өзінің емес, продюсерінің тірлігі шығар. Кәмшатқа "Сен осыны қалауың бойынша жасап жүрсің бе?" деп сұрақ қойғым келіп жүр. Адам әдемілікті, дене бітімінің сұлулығын басқа жерде көрсетсе де болады. Тек аяғын аспанға көтеріп, кеудесін көрсетіп, ашық-шашық жату деген миға қонымсыз. Кәмшат өзімнің жақсы көретін қызым еді", - дейді Қалдыбек Құрманәлі.