"Кәмшат, сонша қымтанғаның не? Жолдасың кемпір қылып жіберген бе?": Ашық-шашық образымен есте қалған Кәмшат Жолдыбаева хиджаб киіп, елге тақпай жақпай қалды

Көпшілік оның жаңа образына әлі де үйрене алмауда, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Кәмшат Жолдыбаева жаңа образымен бүгінде көпшілікке семинар өткізуде. Оқырмандар оның орамалды образынан бөлек, елге не үйрететінін түсінбей, сыни пікірлерін жаудырып тастаған. 

"Осылар не үйретеді екен?", "Не баласы, не байы жоқ, сонда не үйретеді семинарда?", "Бұрынғы стилі жақсы еді, қымтанып, түк жараспайтын болған осы образы", "Елді алдау десеші, қанша ақшасын құртып барады бұларға жұрттар", "Кәмшат, сонша қымтанғаның не? Жолдасың кемпір қылып жіберген бе?", "Түк жараспайды осы киімің, ашық-шашық жүрсең де, талғаммен киінетін едің" деп жазды олар.