Канада жағалауына алып айсбергтер шоғырлануда

Бұл кезде Арктикадан алып мұздар жылжып келіп  ұзындығы мыңдаған шақырымға созылатын «Айсбергтер аллеясын» құрып жатыр.

Айсбергтердің көпшілігінде  10 мың жылдан кем емес. Ал көлемі де, пішіні де әр түрлі, деп хабарлады Travel. Канадада олардың суынан тіпті арақ, джин, ром және атақты Iceberg Beer сырасы сынды сусындар да жасайды.