Канадада бүтін бір өзен жоқ болып кетті

Мамандар анықтағандай, Канаданың Юкон провинциясында ағып жатқан Слимс өзені 2016 жылы түгел тартылып кетіпті. Ол солтүстікке қарай ағып, Слимс көліне құйып келген.

Өзеннің жоғалуына Канададағы ең ірі мұздықтардың бірі Каскавлуштың шөгіп кетуі себеп болыпты. Табиғи құбылыс мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан жерасты өзендерінің жүйесін бұзған. Салдарынан мұздықтан ағып шығатын су солтүстік бағытқа емес, оңтүстікке қарай Тынық мұхитына аға бастапты.

Ғалымдардың айтуынша, жаһандық жылынудың салдарынан мұздық шөгіп, өзен біржола тартылып кеткен. Слимс өзені 2015 жылы ағып жатқан болатын. Былтыр спутниктен түсірілген фотосуреттер оның мүлдем жер бетінен жоғалып кеткенін көрсетіп отыр. Мамандар бұл жағдайдың жергілікті экожүйеге кері әсер ететіні анық дейді. Дегенмен, аймақта ауызсу тапшылығы болмайды.