Канадалық Альберта провинциясында мұнайшылар кенті өртенді

Бұл туралы провинция әкімшілігінің басшысы Рэйчел Нотли айтты. Мыңдаған жұмысшы эвакуацияланды.

Нотли сөзіне қарағанда, дүйсенбі өрт салдарынан аймақта бірнеше мұнай кен орнының 8 мың қызметкерін эвакуациялауға мәжбүр болды.

Отқа оранған ормандар ауданында Suncor және Syncrude компанияларының ірі мұнай өндіру кәсіпорындары орналасқан.

Нотли атап өткендей, қатты жел салдарынан жалын кәсіпорындарға қарай бағытталады.


Соңғы тәулікте от шарпыған аумақ 70 мың гектарға ұлғайып, жалпы көлемі 355 мың гектарға дейін жетті, деп хабарлады өрт сөндіру қызметінен.

Мак-Мюррей фортының тұрғындары екі апта бұрын қауіпсіз жерге көшірілген.