Канадалық Global Cobalt Алтайда полиметалдардың ірі кен орнын ашты

Кен орны Қош ағаш селосынан 80 шақырым жерде. Рудасы бар қабат 221 метр тереңдікте.

Компанияның зерттеулеріне қарағанда руданың 1 тонна құрамында шамамен 1% кобальт пен вольфрам, 3% аса мыс, 0,4% висмут және 52 грамм күміс бар.

"Түсті металдар құрамының жоғары екендігін сульфидті минерализацияның сыртқы сипаттамасы растап отыр", деді компанияның барлау жөніндегі вице-президенті Пол Саржент.

Global Cobalt 100 пайыз өнімді тасымалдау туралы Қытаймен алдын-ала келісім жасасты және Пекин тау -кен ісі және металлургия ғылыми-зерттеу институтымен арада келісімге қол қойды.