Канар аралы аумағына Испания әскери әуе күштерінің тікұшағы құлады

Экипаждың бір мүшесі бірден табылды, оның өміріне қауіп төніп отырған жоқ.

Оқиға сәрсенбіде кешке болды. "Супер пума" тікұшағы канарлық Фуэртевентура аралының оңтүстігіндегі Хандия түбегінен оңтүстік-батысқа қарай 46 шақырым жерде құлаған.

Құтқару қызметі тікұшақтың сынықтарын тапты, жоғалып кеткен адамдар іздестірілуде, тергеу басталды.