Қанат Бозымбаев вице-премьер болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәлидің айтуынша, Қанат Бозымбаев өңірлік саясат, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, төтенше жағдайлар және су ресурстары мәселелеріне жетекшілік ететін болады. 

Қанат Алдабергенұлы 1969 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.

«Құрмет» орденімен (2005) және «Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына қосқан үлесі үшін» медалімен (29.05.2019) марапатталған.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының еңбек сіңірген энергетигі.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін біледі.