«Канело» қазақстандық үш боксшы әлем чемпионы болатынын айтты

Супер орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Сауль Альварес қазақстандық үш боксшының мақтауын асырды, деп жазады Caravan.kz медиа порталы  Prosports.kz-ке сілтеме жасап. 

Suleimen Promotions компаниясының Youtube-арнасында «Канелоның» қазақ боксшылары Әбілхан Аманқұл, Евгений Павлов және Бек Нұрмағанбетті болашақ әлем чемпионы деп атаған видеосы жарияланды.

«Қараңыз, бұлар болашақ әлем чемпиондары! Үш чемпион», – деді мексикандық қазақстандық боксшыларды нұсқап.


«Альварес сіздерді әлем чемпионы болады дейді! Одан мұндай мақтау есту оңай емес!» - деді видео авторы.