Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бобыржан Момынов аргентиналық Леонардо Фабио Амитраномен Буэнос-Айресте жекпе-жек өткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Спорт порталының мәліметінше, кездесуде қазақстандық басымдыққа ие болып, жекпе-жек алтыншы раундта аяқталған. Амитрано ауыр соққыдан есін жия алмағаннан кейін рефери матчты тоқтатқан.
Осылайша Момынов кәсіпқой рингте төртінші кездесуін нокаутпен аяқтап отыр. Бұған дейінгі үш жекпе-жегін ол АҚШ-та өтікзген. Ал аргентиналық боксшы осымен екінші рет жеңіліске ұшырады.
Айта кетейік, Момынов Сауль "Канело" Альварестің Геннадий Головкинмен жекпе-жегін қарсаңында жаттығу лагеріне қатысқан болатын. Боксшының өзі бұдан жақсы тәжірибе алғанын айтқан еді.