Журналист Қуаныш Рахметоллаұлы қоғамдағы шындықты ашып салды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Қаңғыбас ит пен мысықты панажайда ұстау үшін мемлекет 15 күнге 97 000 теңге бөледі екен. Осы сомманы әр күнге шаққанда 6500 теңге шығады. Ал бала күтіміне байланысты төленетін жәрдемақыны қарайық. Бірінші туған балаға бір айға 21 266 теңге беріледі. Оны 30 күнге бөлсек, күніне 708 теңге шығады. Сонда Қазақстанда қаңғыбас ти пен мысықтың өмірі баланың өмірінен қымбат болғаны ма?
"Қазақтың санын көбейтейік десек, бала үшін айына 300 мыңнан төлеуге шамамыз жетеді ғой. Онсыз да халқымыздың саны аз", деді ол.