Канн фестивалі қазылар алқасының мүшелері белгілі болды

2013 жылы оның төрағасы ретінде режиссер Стивен Спилберг сайланды. Оның құрамына австралиялық-америкалық киножұлдыз Николь Кидман, «Пидің өмірі» және «Бүкір тау» туындыларының режиссері Энг Ли, Квентин Тарантиноның соңғы екі киносында кейіпкерлерді сомдап, «Оскар» сыйлығын иемденген неміс әртісі Кристофер Вальц бар.

Сондай-ақ, 2007 жылы «4 ай, 3 апта және 2 күн» фильмі үшін Канн фестивалінде «Алтын пальма бұтағы» жүлдесін жеңіп алған румындық режиссер Кристиан Мунджиу да еніп отыр.