Канн кинофестивалі қазылар алқасының мүшелері белгілі болды

Бұл құрамға әлемге әйгілі тоғыз режиссер мен актер еніп отыр. Олардың арасында америкалық режиссер София Коппола, француз  актрисасы  Кароль Буке, мексикалық актер және  режиссер Гаэль Гарсия Берналь, америкалық актер Уиллем Дефо бар. Сондай-ақ қытайлық режиссер, актер, сценарист және  продюсер Цзя Чжанкэ,  оңтүстіккореялық актриса Чон До Ён, ирандық актриса Лейла Хатами, дат  кинорежиссері  Николас Виндинг Рефн да қазылар алқасының құрамында.

Канн кинофестивалінің қазылар алқасын Жаңа Зеландияның режиссері жазушы Джейн Кэмпион басқарады. Айта кетейік, Канн фестивалі биылғы жылдың 14-25 мамыр күндері  өтеді