деп жазады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.
Фильм Монако князі Ренье ІІІ-ге күйеуге шыққан және голливуд жұлдызы мәртебесінен гөрі ханшаын атағын қолай көрген атақты американ актрисасы, «Оскар» сыйлығының лауреаты Грейс Келлидің өмірі туралы баяндайды. Грейс Келлидің рөлін картинада актриса Николь Кидман сомдайды, ол өткен жылғы Канн кинофестивалі қазылар алқасының құрамында болған еді.
Негізгі конкурс және қазылар алқасы
Кинофестивальдің негізгі конкурсына 18 лента енді. Олардың арасында Андрей Звягинцевтің «Левиафан», Атом Эгоянның «Түндер патшайымы», Жан-Пьер мен Люк Дарденнің «Екі күн, бір түн» (басты рөлде - Марион Котийяр), Дэвид Кроненбергтің «Жұлдызды карта», Жан-Люк Годардың «Сөз, қош!», Томми Ли Джонстың «Жергілікті» және басқа да картиналар бар.
Негізгі конкурстың қазылар алқасын жаңазеландиялық режиссер Джейн Кэмпион басқарады, оның құрамында француз актрисасы Кароль Буке, американдық актер Уиллем Дефо, мексикандық актер Гаэль Гарсиа Берналь, оңтүстіккореялық актриса Чон До Ен, ирандық актриса Лейла Хатами, американдық режиссер София Коппола, ҚХР режиссері Цзя Джанкэ және Даниядан режиссер Николас Виндинг Рефн бар.
Сонымен бірге фестиваль ауқымында қысқаметражды фильмдер конкурсы өтеді, оның қатысушыларының бірі режисер Сергей Пикаловтың Екінші дүниежүзілік соғыстың Жер үстіндегі соңғы ардагері туралы ресейлік-әзербайжандық «Соңғы» фильм-әпсанасы болды. Лентада басты рөлді 66 жастағы әзербайжан актері Идрис Рустамов ойнайды.
Сондай-ақ «Конкустан тыс», «Ерекше көзқарас», «Канн классикасы» бағдарламалары ұсынылады, құрметті қонақ ретінде София Лорен қатысады. Фестивальдің жүргізушісі француз актері Ламбер Вильсон. Лауреаттар 24 мамырда белгілі болады.