Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Декреттегі ана өтініш жасап, оның жазбасы блогердің ашуына тиген.
”Декретте отырған анамын. Тридстан қанша лайк жинасам Айфон 18 про алып бересіз”, - деп өтініш жасаған.
Блогер мұндай өтінішті түсінбейтінін айтып, декрет демалысындағы ананы қатаң сынға алды.
“Қатты айтсам, мүмкін дұрыс емес айтсам, кешірім сұраймын, бірақ қанша лайк жинасам 20 мың бересің, қанша лайк жинасам осынша бересің дегендерді мүлдем түсінбейді екенмін. Енді 18 про деген потолок болды мен үшін. Бір нәрсе алғыңыз келсе, бір нәрсе жегіңіз келсе, осылай сұрамай, өздеріңіз ала берсеңіздерші. Тегін нәрсеге үйрене бермей. Мен де декреттегі әйелмін ғой. Блогерлер, инста жүргізетін адамдар бааай деп ойласаңыздар, қателесесіздер, олар да сіздер сияқты қарапайым адам ғой“. - деп жазды блогер.
Желі оқырмандарының пікірі мынадай болды: