Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл өзгерістердің басты мақсаты - әлеуметтік төлемдер саласындағы әділеттілікті қамтамасыз ету және алаяқтық әрекеттердің алдын алу.
Негізгі өзгерістер:
Жұмыс істемейтін әйелдер үшін өзгерістер жоқ:
Жұмыс істемейтін аналар бұрынғыдай бала тууына байланысты бір реттік жәрдемақы және бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы алады. Бұл төлемдерге өзгерістер енгізілген жоқ.
Жаңа тәртіптің енгізілу себебі:
Бұл өзгерістер декреттік төлемдер саласындағы алаяқтық әрекеттердің көбеюіне байланысты енгізілді. Мысалы 2024 жылы 113 қазақстандық әйел декреттік төлемдерге қатысты алаяқтық істер бойынша тергеуге алынған. Жаңа ережелер осындай заңсыз әрекеттердің алдын алуға бағытталған.
2025 жылғы 8 сәуірден бастап күшіне енген бұл өзгерістер декреттік төлемдерді есептеудің әділеттілігін арттыруға және әлеуметтік төлемдер жүйесіндегі заңсыздықтарды азайтуға бағытталған.
Бұған дейін Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев "декретке миллионмен" бағдарлама қатысты айтылып жатқан пікірлерге ойын білдірді.