Қаңтардан бастап кімнің мобильді аударымы тексеріледі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Мобильді аударымдарды бақылаудың өлшемшарты Қаржы министрінің бұйрығымен өзгерді. Енді күмәнді аударымдар анықталса, банк қызметкері мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына береді.

Ережелер шағын кәсіпкерлерге де, қарапайым азаматтарға да бірдей қолданылады, бірақ қайырымдылыққа, отбасының той-тамалағына немесе садақаға қатысты қаражатқа қатысы жоқ.

Салық комитеті камералық бақылау кезінде бизнес белгілерін анықтаса, азаматқа ескерту хабарлама жіберіледі. Егер азамат ескертуге келіссе, 30 жұмыс күні ішінде салық есептерін тапсырып, табыс салығын төлеуі керек.

Ал, ескертуге келіспеген жағдайда, тиісті органға себептерін растайтын құжаттар мен түсінік хатын тапсыру қажет болады.

Бұл жаңа ережелер мобильді аударымдар арқылы алынатын қаражатты бақылауды күшейтіп, заңсыз немесе жасырын табыс көздерін анықтауға бағытталған.