«Кәпір деп айыптап, жұртты малғұн, ібілістің әскеріне теңеді»: Дінтанушы Бекболат Тілеуханның үстінен арыз түсірді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап хабарлайды.

«Саяси «Исламның» белді насихатшысы Бекболат Тілеухан журналист Нартай Аралбайұлына берген пропагандалық сұхбатта мені ашық түрде кәпір деді және сол сөзімен Қазақстандағы Тәңір дүниетанымы мен ата-баба дәстүрін ұстанатын зайырлы көпшілікті кәпір, малғұн, ібіліс, шайтанның әскері деген сияқты ксенофобиялық формадағы діни терминдермен айыптады.

Мысалы ҚАЗМҰУ-інің дінтанушы магистрі Әл-Фараби Болатжанның пікірінше Бекболат Тілеухан өзінің оппоненттерін «шайтан, ібіліс, малғұнның әскері» деп айыптауы сөздік мағынасы (семантика) жағынан дұрыс емес, анығында «шайтан» мен «ібілісті» кейбіреулер мифологиялық кейіпкерлер ретінде қарастырып, аса назар аудармауы мүмкін, бірақ "малғұн" деген сөздің нақты семантикасы бар: ол сөз араб тілінен енген "лағынет астында, лағынетті, қарғысталған" дегенді білдіретін "مَلْعُونٌ" [маль'уун] сөзі.

Демек, біреуді лағынетті, қарғысталған деу бұл тіл тигізу мен қорлауға жатады дейді.


Соған байланысты ҚР Бас Прокуратурасынан ҚР ҚК 174-бабына сәйкес Бекболат Тілеуханның экстремистік сарындағы сөздері өте жіті тексеріліп,тиісті бағасы берілуін өтініп сұраймын!!!

Бүгін ресми түрде ҚР Бас Прокуратурасына өтініш-арызымды жолдадым», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында