"Капитал" ЖЗҚ қызметін зейнетақы активтерін басқару компаниясы ретінде жалғастырады

"Капитал" жинақтаушы зейнетақы қоры (ЦентрКредит банкісінің еншілесі) Қазақстанда зейнетақы реформасының жүргізілуі аясында қызметін зейнетақы активтерін басқару компаниясы ретінде жалғастырады, деп хабарлады банк басқармасының төрағасы Владислав Ли.


           "Біздің "Капитал" зейнетақы қорымыз қызметін зейнетақы активтерін басқару компаниясы ретінде қайта құрылады", деді ол Алматыда сейсенбіде журналистерге.
           Сонымен қатар "Капитал" активтерін және міндеттемелерін БЖЗҚ өткізеді және лицензиясын қайтарады", деді ол.
           "Оны Ұлттық банк жасаған кестеге орай өткіземіз, бірақ әзірге кесте алған жоқпыз", деді ол.
           Алдында хабарланғандай, БЖЗҚ жұмысын 2013 жылы 22-тамыз күні бастаған.
           "Капитал" зейнетақы жинақтаушы қоры 1-шілдеге қарағанда салымшылардың жинаған ақшаларының көлемі жағынан Қазақстанның зейнеткерлік жүйесінде 6-шы орынға ие.