Капиталды амнистиялау - 12 млрд доллар заңдастырылуы мүмкін

«Бір жылға созылған алдыңғы заңдастыруда біз шамамен 7 миллиард доллар алдық. Қазір ода көп қаржы күтеміз, бұл шамамен 10-12 миллиардов доллар болуы мүмкін», деп вице-премьер – қаржы министрі Бақыт Сұлтанов бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен қысқаша баспасөз мәслихатында журналистердің сұрағына жауап беру кезінде атап көрсетті.

«Заңдастырудан мемлекетке келетін алғашқы табыс – қазіргі таңда қолда бар мүлік пен ақшаны заңды айналымда болып, біз айтқан құралдар арқылы жұмыс істеп, экономикаға шынайы көмектесе алуы үшін көлеңкеден шығаруда болып отыр», дейді вице-премьер.

Бұрын хабарланғандай, мүлікті заңдастыру 2014 жылдың 1 қыркүйегі мен 2015 жылдың 31 желтоқсаны аралығында өтеді.


Үкімет Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша капиталға рақымшылық жасау туралы заң жобасын әзірледі.

Мүлікті заңдастыру бойынша соңғы акция 2006 жылы жаздан бастап 2007 жылы сәуір бойы өткізілді.