Қарағандыда Халықаралық жұмысшы жастар форумы өтті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Форумда жұмысшы жастар өкілдері, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары – жалпы мыңға жуық қатысушы жиналды.

Форум жұмысына Қазақстанның ірі өнеркәсіп компанияларының сарапшылары, еліміздің өңірлерінен делегаттар, сондай-ақ Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Түркия және АҚШ-тан келген қонақтар қатысты. Спикерлер қатарында еңбек қатынастары, корпоративті коммуникациялар және гендерлік саясат саласындағы жетекші мамандар болды.

Іс-шара тәжірибе алмасуға, еңбек нарығындағы мүмкіндіктерді талқылауға, сондай-ақ кәсіпорындар, білім беру мекемелері мен жас мамандар арасында байланыс орнатуға арналған алаңға айналды.

Форумның басты мақсаты — жастар арасында жұмысшы кәсіптерін және техникалық мамандықтарды насихаттау, кәсіби құзыретті дамыту және жас мамандар қауымдастығын қалыптастыру.