Қарағандыда төтенше жағдай: тірек пунктінен әйелдің мәйіті мен ес-түссіз полицей табылды

Zakon.kz тілшісі бұл жағдайға түсініктеме алу үшін Қарағанды облыстық полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметіне жүгінді.

Ведомство 2025 жылғы 1 қазанда бұл деректі растады.

Ресми мәліметке сәйкес, қаладағы полицияның бір тірек пунктінде түнде әйелдің мәйіті табылған. Сондай-ақ сол жерде ес-түссіз жатқан полиция қызметкері анықталып, ол ауруханаға жеткізілді.

Өңірлік ПД бастығы Нығмет Исмағұловтың айтуынша, оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

"Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен өлім себебі анықталуда", – деді Нығмет Исмағұлов.

Сонымен қатар объективті тексеріс жүргізу үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.

"Қызметтік тергеу тағайындалды. Барлық әрекеттер мұқият тексеріліп, кінәлі тұлғалар қатаң жауапкершілікке тартылады", – деп қосты ол.

Исмагулов сөзінің соңында азаматтарды жалған ақпарат таратудан бас тартуға шақырды.

Автор: Caravan.kz