Каракөлде қырылған аққулардың саны рекордтық көрсеткішке жетті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Өңірлік Экология департаментінің мәліметіне сәйкес өлген аққулардан құс тұмауының вирусы табылған.

Фото: Маңғыстау облыстық Экология департаменті

«21 желтоқсаннан бері қорық инспекторлары қырылған 132 аққуды тапты. Ал 2 қаңтардағы жағдай бойынша өлген аққулар саны 227 болды. Оның ішінде 132 аққудың өлексесі жойылды, тағы 95 аққу 3 қаңтарда ветеринариялық заңнамада белгіленген тәртіп бойынша жойылады», - деді Экология департаментінің баспасөз қызметі.

Өткен жылдың 21 желтоқсанында Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері Қаракөл көлінде күзет іс-шараларын өткізу кезінде 30 аққу-шипунның өлімі фактісін анықтаған болатын.

Фото: Маңғыстау облыстық Экология департаменті

Аталған дерек бойынша бойынша қорық және облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары Маңғыстау облысының Экология департаменті, АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің ветеринария жөніндегі Ұлттық орталығының қызметкерлерімен бірлесіп тиісті зертханалық зерттеу жүргізу үшін сынамалар алды.