Арман Мәтжанның айтуынша, коронавирус инфекциясын таратпау мақсатында жарияланған көктемгі төтенше жағдай кезінде отбасылық жанжалдың саны көбейген.
«2020 жылдың 16 наурызы, яғни, төтенше жағдай енгеннен бастап, 5 тамызға дейінгі аралықта тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 241 қылмыс тіркелді. Соның салдарынан 33 адам көз жұмды», - деп мәлім етті Арман Мәтжан.
Тергеу департаментінің хабарлауынша, өткен жылдың дәл осы кезеңінде (16 наурыз бен 31 шілде аралығы – авт.) тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 168 жағдай тіркелген.
«16 наурыз бен 31 шілде аралығындағы мәліметтерге салыстырмалы талдау жасағанбыз. Биыл 31 шілдеге дейін 237 қылмыс тіркелді, өтткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл 41% пайызға көп. Яғни, былтыр осы аралықта 168 осындай факт анықталған еді», - деді ол.