Карантинді мамырға дейін ұзартуға шешім қабылданды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Литва Үкіметі қолайсыз эпидемиялогиялық жағдайға байланысты мамыр айына дейін карантинді ұзарту туралы шешім қабылдады.

Литваның денсаулық сақтау министрлігі Үкіметке карантин режимін 2021 жылдың 30 сәуірі сағат 24:00-ге дейін ұзартуды ұсынды. Үкімет бұл ұсынысты мақұлдады және карантинді ұзартты.

Елдегі эпидемиялогиялық жағдайдың нашарлауына және адамдар ел ішінде белсенді қозғала бастаған мерекелік кезеңнің жақындауына байланысты карантинді ұзарту ұсынылды, - делінген хабарламада.

Осы себепті муниципалитеттер арасындағы қозғалысқа наурыздың 27-нен 5 сәуірге дейін тыйым салу ұсынылды. Литва министрлер кабинеті де бұл тәртіпті қабылдады және бекітті.


Қазіргі уақытта муниципалитеттерде маңызды себеп болған жағдайда ғана қозғалысқа рұқсат беру ұсынылады.