"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов қоғамдық тамақтану саласының қызметкерлеріне 42 500 теңге төлеуге негіз жоқ деп санайтынын айтты, деп хабарлайды Caravan.kz порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Абылай Мырзахметов тамақтануға қатысты қазіргі шектеулерді қатал деп атауға болмайды деп жауап берді. Оған қоса, ол 42 500 төлеу негізсіз деп санайтынын айтты.
“Нұр-Сұлтанда кинотеатрлар мен фитнес орталықтары жабылды. Алайда 2 тамыздан бастап “Ашық” бойынша жұмыс істейтін бильярд пен компьютерлік клубтардың қызметіне рұқсат берілмек. Бұл толығымен локдаун емес. Шектеулер бары рас. Бірақ олар тек демалыс күндеріне ғана қатысты. Барлығына Ashyq бойынша жұмыс істеу құқығы берілген, толық тоқтқызметтері тоқтатылған жоқ. Демалыс күндері жұмыс жасамаса, бизнестің шығынға ұшырайтынын білеміз. Алайда бұл локдаунның алдын алуға көмектеседі. Ал 42 500 төлеуге әлі заңды негіз жоқ", - деді ол брифингте.
Ол алдағы уақытта қоғамдық тамақтану мекмелерінің жұмыс істеу уақытын өзгерту туралы тағы да талдаулар жүргізілетінін айтты.
“Бұл бір аптаға арналған шектеу. Алдағы уақытта Ashyq бойынша жағдай қалпына келтіріледі. Егер сіз кәсіпкер болсаңыз, сіз Ashyq-пен түннің ортасына дейін жұмыс жасай аласыз. Бір апта жағдайды бақылағаннан кейін арық қарайға жұмыс істеу мәселесін қарастыратын боламыз”, – дейді ол.