Мәселе қалай өрбіп жатқанын ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Қарапайым қазақ дені дұрыс көлік мінсін, олигархтардың қалтасын ойға кіріп шықпайтын төлеммен толтыруды доғарыңдар деп талап етіп келемін.
Жасыратыны жоқ, утилалым мен алғашқы тіркеу жойылсын деген талабыма қарсы талай күштер табылды. Күнде “соғыс”.
Қазір ескірген автокөліктің салығына қатысты Үкімет елге қолайлы бір шешімге келгенге ұқсайды, ресми жауабын салайын. Және утилалым мен алғашқы тіркеуге қатысты депутаттардың талабын шешу үшін Үкімет тайм-аут алды. Роман Скялрдың жауабы келесі бетте.
Елімізде ескі көліктерге салынатын салық мөлшері өзгерді.
Премьер-министр Олжас Бектенов:
“Олар салық сомасын көліктің пайдаланылу мерзіміне және бағасына қарай белгілеу – анағұрлым әділетті болатынын алға тартады. Осыған байланысты жаңадан әзірленіп жатқан Салық кодексінің жобасында автомобильдің шыққан жылына қарай салық салу көлемін де саралап, дифференциациялау тәсілі ұсынылып отыр”.
Үкімет көлік құралдарынан жиналатын салық ставкалары үшін келесідей төмендету коэффициенттерін белгілеуді ұсынады:
- шығарылғанына 10 жылдан 20 жылға дейін мерзім өткен автомобильдер үшін – 0,7;
- шығарылғанына 20 жылдан асып кеткен автокөліктер үшін – 0,5 коэффициент.
Үкімет бұл шешімді мақұлдаған. Дегенмен, егжей-тегжейі әрі қарай талқыланады.
“Бүгінде бұл мәселе бойынша тәсілдемелер пысықталып жатыр. Ұсынылып отырған тәсілдемелер бойынша ақырғы шешім қабылданғаннан кейін жаңа Салық кодексінің жобасында нақты сандар көрініс табады”, - деп жауап беріпті Үкімет басшысы Олжас Бектенов.