Каратанчева Воскобоеваның ізін ала «Уимблдон» біліктілік кезеңінің финалына өтті

Бұл туралы Vesti.kz. жазып отыр.

Екінші айналымда 23 жастағы Каратанчева 6:4, 6:1 есебімен британдық Джейд Виндлиді ойсыра жеңді. Атап өткен жөн, Каратанчева әлемнің 128-ші ракеткасы саналса, 23 жастағы британдық теннисші тізімнің 389 сатысында орналасуда. Бұған дейін спортшылар өзара шеберліктерін сынамаған.

Бұған дейін біліктіліктің ақтық кезеңіне еліміздің өзге теннисшісі - Галина Воскобоева өткен болатын.


Еске сала кетейік, «Уимблдон» - ең көне және беделді теннистік жарыс ретінде саналады. «Үлкен шлемнің» төрт турнирінің бірі жылда маусым айының аяғы мен шілденің басында Уимблдонда ұйымдастырылады. Бәсеке екі аптаға созылады.