Каратэ-до құрамасы Азия ойындарына дайын

«Қазір біз Гуанджоудағы Азия ойындарына дайындықтың соңғы жаттығуларын өткізіп жатырмыз. Таңертең және кешкі уақыттарда белсенді дайындық жүргізудеміз», - деді ол.

П.Мансуров спортшылардың жақсы дайындалғанын айтып отыр. «Жарыстарға 4 қыз бен 4 ұл барады. Бір-бірден алтын, күміс және қола медальдар алуды жоспарлап отырмыз», - деді П.Мансуров. Өткен Азиадада команда бір алтын мен екі қол медальді жеңіп алды. Осы ойындарда спортшылар өз көрсеткіштерін жақсартып, күміс жүлдені де жеңіп алуды мақсат етіп қойған.
Каратэшілер халықаралық қазақ-түрік университетінің базасында жаттығуда. Жаттықтырушы жалпы алғанда қазақстандық каратэның өскенін атап өтіп отыр. «Мәселен, тамызда кадеттер мен жеткіншектер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан үшінші командалық орынға табан тіреп, 2 алтын, 3 күміс пен 7 қола медальды қанжығаларына байлады», - деп атап өтті П.Мансұров. Жарысқа дайындық жұмыстары 18 қарашаға дейін жалғасады.