Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы El.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.
Отандасымыз финалға дейінгі кездесулерде үш қарсыласынан басым түсті.
1/8 финалда ол ганконгтық спортшы, Азия чемпионы Йе Тинг Цанг 3:2 есебімен ұтты. Ал ширек финалда жапониялық 2 дүркін әлем чемпионы Михо Миахарадан 6:5 есебімен басым түсті. Жартылай финалда әлем чемпионатының қола жүлдегері Сара Бахманиарды 5:4 нәтижесімен қапы қалдырды.