Каратэші Қайсар Алпысбай Азия ойындарының финалына шықты

Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық каратэші Қайсар Алпысбай финалға шықты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. .

Қазақстандық каратэші 60 келіге дейінгі салмақта жартылай финалда индонезиялық Ари Сапутраны 12:3 есебімен тізе бүктірді.

Осылайша, Қайсар Алпысбай финалға жолдама алып, алтын үшін таласатын болады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын каратэші Нұрқанат Әжіқановтің Қазақстан қоржынына сегізінші
алтын медальді
салғанын жазған едік.

Сондай-ақ Қазақстан қоржынына тағы екі медаль түсті.

Кеше каратэші Лаура Әліқұл да финалға дейін жетіп, күміс жүлдені олжалаған болатын.