Каратэші В.Подмарева Орталық Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды


Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, аталмыш біріншілік Тәжікстанның Худжанд қаласында өткен еді. 68 келі салмақта өнер көрсеткен Владаның бапкері - Асқар Досжанов.

Айта кету керек, осы чемпионат кезінде төрешілер мен бапкерлер үшін семинар ұйымдастырылды. Соның қорытындысы бойынша БҚО-дан бірінші рет Қуаныш Қайыровқа каратэ-додан халықаралық дәрежедегі төреші атағы берілді.