"Караван" ұйымдастыратын "Соғымға сыйлық" байқауына қатысып, жылқы ұтып ал!

Көптеген қазақстандықтардың ет тағамдарын дайындау бойынша өзіндік отбасылық дәстүрі бары анық. Қуырдақ, шұжық, мәнті, ет, бәліш, самса дайындаудың рецептісі ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатыр. Ас дайындауың айрықша әдісін өзге елдерден үйреніп келіп, қазір мерекелік дастарханның көркіне айналған болуы да ықтимал. Бәлкім сіз тамақ жасап, жақындарыңызды таң қалдыруды жақсы көретін шығарсыз.

Ендеше біз қазақстандықтардың аспаздық шеберлігін бағалауға дайынбыз.Есесіне ең үздік аспазшыларға сыйлық ұсынамыз.

1-орын – жылқы (350 мың)

2-орын – торпақ (100 мың),

3-орын – қой (40 мың),

4-орын –қаз (10 мың теңге)

Байқауға қалай қатысуға болады?

1.«КАРАВАН» басылымына бір жылға жазылуды рәсімдеу (байқау тек басылымның жазылушылары арасына ғана өтеді)

2. Байқауға қатысуға өтініммен бірге дайындалатын тағамның түрі мен дайындау жолын толық жазып sogym2018@caravan.kz пошта жәшігіне жолдаңыз немесе +7 (701) 715 7756, +7 (727) 258 36 24 телефондарына қоңырау шалыңыз.

Бұдан кейін сіздің өтінішіңіз байқау төрешілері тарапынан қаралады және келесідей өлшемдер бойынша бағаланады: ерекшелік, азық-түліктердің өзара үйлесімділігі, әдеттегіден тыс дайындау әдісі немесе авторлық ұсыным, көне тағамдарды жаңғырту, байқауға қатыстырылатын тағамды дайындауда отбасылық дәстүрдің ролі.

3. Қазылар алқасының мүшелері сіз жолдаған рецепт негізгі өлшемдерге сай келеді деп тапқан соң, «КАРАВАН» газетінің түсіру тобы сізге қонаққа келеді. Сіз біздің тілшілердің көзінше байқауға арналған тағамыңызды дайындайсыз және басылымның бетіне шығасыз.Бұған қоса «КАРАВАН» жүлдесіне үміткер атанасыз.


4. Байқаудың қорытындысы бойынша 10 үздік тағамның рецептісінің суреттері мен бейнематериалдары «КАРАВАН» газеті мен www.Caravan.kz сайтына шығарылады. Байқау комиссиясы жеңімпаздарды анықтау барысында сайт оқырмандарының дауыс беруін де есепке алады.

5. Байқауға қатысу туралы өтінім «КАРАВАН» газетіне байқаудың анонсы жарияланған күннен басталады және 2018 жылдың 1-желтоқсанынан дейін созылады.1 желтоқсан мен 14-і аралығында сайтта дауыс беру жүреді.

Байқауға заңды тұлғалар мен қоғамдық тамақтану орындарының өкілдері қатыспайды.Байқауға дәмхана мен мейрамхана мәзірлерінен алынған тағамдар жіберілмейді.

Өтініштеріңізді асыға күтеміз!