Қарғын суды Арал мен Каспиге құйса, проблема шешіле ме?

Тасқын суы неге көлге айнала алмайтынын Caravan.kz медиа порталы Әшкере телеграм арнасына сілтеме жасап түсіндіреді.

Басты үш себеп бар: 

1.Қарғын судың қалдығы, химиялық заттары немесе микроорганизмдері болуы мүмкін. Өзен-көлдің су құрамы тасқынмен келетін су құрамымен бірдей емес.

2. Тасқын суы лас қалдықтары мен қоспаларынан ажырауы үшін оған уақыт керек. Ал уақыт жоқ. Ол я буға айналып, әуеге көтеріледі, я адамдар оны кейін пайдалану үшін су қоймасына ағызады.  

3. Табиғи көлдің су құрамы жылдар бойында жүретін геологиялық процестер арқылы пайда болады. Ал жаңадан пайда бола салған қарғын су оған бірден қосылып кете алмайды. Оны арнайы бассейндерге құйып, сақтап қана көлдің су деңгейіне әсер етуге болады. 

Бірақ бұл жұмыстың бәріне мықты мамандар мен көп қаражат қажет.