"Қарғыс атқан мобилографтар": Қанат Әлжапбаровтың тойдағы сөзі көпшіліктің ашуына тиді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Әзіл әлемінің өкілі мобилографтардың тойдағы әрекетін ұнатпай қалды. 

“Мына жердегі қарғыс атқыр мобилографтар былай тұрыңдаршы. Халық көрсін, өтініш, кетіңдерші. Мобилографтардың егесі бар ма? Байлап қойыңдаршы. Мен түсінемін барлығына контент пен қаралым керек, сонда да әрі тұра тұрыңдаршы", – деп ашуланды шоумен.

Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі дөрекі сөзін сынап жатса, енді бірі қолдау білдіріп, шындық екенін айтты. 

“Қазір мобилографтар толып кеткен. Қанат соны ғана жеткізді”, “Той иесінің қателігі”, “Тойға мобилограф алып барудың қажеті жоқ”, “Қарғыс атқыр деген лас сөз. Халық осылардың ауызынан шыққан лас сөздерге неге күле береді?", "Не сөйлеп, не қойғанын білмейді осылар. Қарғыс атқыр дегені несі?", "Қараңғы адам", "Жас ұл-қызға қарғыс атқыр деп неге айтады?", "Ол не сөз? Ұяты болса кешірім сұрайтын шығар", – деп жазды көпшілік.