Кәрім Мәсімов Ахметовтың командасын түгел орнында қалдырды


Осымен екінші  рет  Премьердің үйреншікті  креслосына жайғасқан Мәсімов бүгін Үкіметтің  алғашқы жиынын да  өткізіп үлгерді. Алғашқы  басқосуға Министрлер кабинетінің ескі құрамы сол күйде келді. Және сол күйінде, барлығы орынтақтарын сақтап қалды. Ал  түсніксіз жағдайда өз еркімен отставкаға кеткен  экс-премьер Серік Ахметов енді, Үкімет отырысына Қорғаныс министрі ретінде қатысатын болады.