Кәрім Мәсімов анық түрмеде отыр ма

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы KAZINFORM.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдері министрден: «Оның қандай да бір іс-шараға қатысқаны туралы ақпарат тарады, сурет те бар. Бұл ақпарат қаншалықты рас әлді фейк пе? Неліктен оның түрмеде отырғанына қатысты бірде-бір сурет не видео факті жоқ?», - деп сұраған еді.

Осы орайда министр ҰҚК-ның бұрынғы төрағасы түрмеде отырғандығын баса айтты.

«Біз барлық сотталушыны көрсете алмаймыз. Ол сотталды, бас бостандығынан айыру орнында», - деді Ержан Сәденов.