Кәрім Мәсімов Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысу үшін Швейцарияға келді

Сапар ауқымында Қазақстан Премьер-Министрінің бірқатар мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың және ірі шетелдік компаниялардың басшыларымен кездесулері жоспарланған.

Атап айтқанда, Кәрім Мәсімовтің Руанда Республикасының Президенті Пол Кагаммен кездесуі болды, онда екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Әңгіме барысында Кәрім Мәсімов Қазақстанның БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар ауқымында африкандық мемлекеттермен тығыз ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.