"Жер қойнауын пайдалану саласындағы барлық кеніштер бойынша мемлекет басшысының тапсырмасын орындау бағытында келісім-шарттағы міндеттемелер орындалмаған барлық уағдаластықтарды бұзып, кеніштерді мемлекеттің иелігіне қайтарып, оларды, президенттің айқанындай, "Самұрық" компаниялары мен ӘӘК арасына таратып беру керек", - деді Кәрім Мәсімов.
Еліміздің энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаевтың айтуынша, 2007 жылы Қазақстанда 831 нысан бойынша мониторинг жүргізілген : небәрі 454 келісім-шарты бойынша қаржылық міндеттемелер 100% орындалса, 97 келісім-шарты бойынша 30% кем орындалған. "Бұл 97 келісім-шарты бүгінде бұзылды. Тағы 182-де келісім-шарты міндеттемелері мен лицензиялық шарттардың бұзылғандығы жөнінде хабарландыру жіберілді", - деді министр.